
Елімізде өтетін референдумды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 20,8 млрд теңге бөлінуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мәлімдеді.
Қаражаттың негізгі бөлігі — 20,6 млрд теңге Орталық сайлау комиссиясы құзырына беріледі.
Атап айтқанда:
• 15,69 млрд теңге – ел бойынша 71 044 комиссия мүшесінің еңбекақысына,
• 4,96 млрд теңге – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және бюллетеньдерді басып шығаруға бағытталады.
Сонымен қатар, 123,3 млн теңге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шетелдегі сайлау учаскелерінің жұмысына жұмсалады.
Бұл қаржы 62 елдегі учаскелерге қызметкерлерді іссапарға жіберу шығындарын өтеуге арналған.



