
Елдегі барлық білім беру мекемесінде жарты миллионнан астам педагог жұмыс істейді, Көбі мектептерде сабақ береді. Оның ішінде 208 мың мұғалім ауылдық жерлерде еңбек етеді. Оқу-ағарту министрлігі берген ресми мәлімет осындай. 92 мың ұстаздың 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Осы оқу жылында білім беру ұйымдарына 37 мың педагог жұмысқа қабылданған. Соның 9 мыңы – жас маман.