
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі балалар алаңында күтпеген жанжал шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Балаларының кезегіне таласқан ата-аналардың дауы төбелеске ұласқан.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Кадрларда екі әйелдің бір-бірімен жағаласып, шаштан тартып, тепкілесіп жатқанын көруге болады. Екеуі де сол сәтте балаларын қолдарынан тастамаған.
Полицияның мәліметінше, жанжал ойын алаңындағы әткеншек пен сырғанаққа кезекке байланысты басталған. Артынша екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған.
Оқиғаға қатысқандардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Полиция тараптардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.



