Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ерлан Қариннің вице-президент ретіндегі алғашқы міндеттері белгілі болды

Тоқаев Ерлан Қаринге нақты міндеттер жүктеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан Вице-Президент қызметіне бекітілген Ерлан Қаринді қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы Вице-Президент лауазымының Конституцияда бекітілгенін және оның мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды орын алатынын атап өтті.

Тоқаев Ерлан Қаринге бірқатар нақты тапсырма берді. Енді Вице-Президент Құрылтай, Үкімет және басқа да мемлекеттік органдармен байланыс кезінде Президенттің атынан өкілдік етеді.

Сонымен қатар оған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын жеткізу міндеті жүктелді.

Яғни Ерлан Қариннің негізгі жұмыстарының бірі — Президент пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейту болмақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button