Білім
Министрлік мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыратындарға маңызды ескерту жасады
Фото: ашықдереккөз
Электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланушылардың бір мезгілде жүгінуіне байланысты техникалық проблемалар болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
«Онлайн өтініш беруде проблемалар анықталған жағдайда, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы 8 (7172) 47-25-25, ішкі 702, 504 және «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК call-орталығы – 8 (7172) 695069, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін грант конкурсына қатысуға өтініштер 13-24 шілде аралығында қабылданатынын хабарлаған едік.