Әлеумет және қоғам
Қызылордада кене шаққан азамат қайтыс болды
Фото: depositphotos.com
Қызылорда Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны.
– Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді, – деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылған. Оның 7-інде диагноз расталды.
– Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, – деді басқарма басшысы.
Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейіп келеді. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.