Жаңалықтар

АЭС құрылысы бойынша келісімдер қашан жасалатыны белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша келісімдер жақын арада жасалатынын айтты, деп жазды qandastar.kz

«Жақын арада біз Алматы облысында бірінші атом электр стансасын (АЭС) салу бойынша қажетті келісімдерді жасаймыз. Сондай-ақ екінші және үшінші АЭС құрылыс алаңдарын анықтау бойынша өңірлерде талдау жұмыстары аяқталып жатыр», деді Премьер-Министр.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, болашақтағы негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері баяндама жасайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close