Жаңалықтар

Депутаттар неге өздері жазған заң жобаларына халықтың келісімін алғысы келмейді

 

Қазақстанда заң жобалары, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, министрлердің бұйрықтары, әкімдер мен мәслихаттардың шешімдері қабылданбас бұрын, олардың жобалары «Ашық НҚА» мемлекеттік порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылатыны мәлім.

Бұл билік пен халықтың диалогын жолға қоюдың ізгі құралына айналды. Себебі, бұқара осы арқылы биліктегілердің қабылдағалы тұрған саяси шешіміне тікелей араласып, ықпал етеді. Қоғамның қатаң сынына ұшырап, резонанс тудырған жобалар әрі қарай ілгерілетілмейді.

Мысалы, 2020 жылғы желтоқсанда қоғамдық талқыға салынған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңжобалар топтамасы азаматтардың төбе шашын тік тұрғызды. Өйткені ол балаларды отбасыдан, ата-анасынан сотсыз-ақ тартып алуға мүмкіндік беретін. Халықтан сұрапыл қарсылық көремін деп ойламаған билік кері шегініп, бұл құжатын 2021 жылғы қаңтарда қайтарып алды.

Оның алдында Парламент «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңын асығыс, ың-шыңсыз қабылдап жіберді. 2018 жылы қабылданғанымен, өтпелі кезең аяқталғанда, 2022 жылғы қаңтарда күшіне енген құжат сұйытылған газды (автогазды) биржа арқылы сатуды бекітті.

«Заң жобасына бастамашы болуымызға Қазақстанның сұйытылған мұнай газы (СМГ) нарығындағы ахуал түрткі болды… Бізде сұйытылған газдың бөлшек бағасы көтерме бағалардан айтарлықтай төмен және көрші елдердегі бөлшек саудадан шамалы ғана аз. Салдарынан біздің зауыттар газды ішкі нарыққа жеткізе отырып, бүгінде шығынды жұмыс істеуде», – деді Мәжіліс депутаты (қазір де депутат) және заң жобасы авторларының бірі Бақтықожа Ізмұхамбетов 2018 жылғы 2 мамырдағы палатаның жалпы отырысында.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close