Жаңалықтар

ШҚО-да өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Мамандар бұған тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себеп болып жатқанын айтады. Тілсіз жаудың алдын алу шараларын күшейту мақсатында 40 мобильді топ құрылды. Оның құрамында төтенше жағдай қызметкерлерімен қоса жергілікті атқарушы орган, полиция қызметі және орман шаруашылығы мамандары бар. Нұржан Өміржанов, облыстық ТЖД бөлімінің бастығы: – Бүгінгі күні 58 профилактикалық рейдтік жұмыстар өткізілді. Сонымен қатар шаруа қожалықтары иелері мен тұрғындармен жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО тұрғындарын аулаларды тазалау жұмыстарын орындағанда сонымен қатар дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close