Жаңалықтар

Халық үкіметтің жәрдеміне үйреніп қалған – сарапшы

 

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың ІІ тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,1 пайыз болған. Бұл кедейшілік шегінде 1 млн-нан астам отандасымыз өмір сүріп жатыр деген сөз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алған.

«Біздің халық үкіметтің жәрдеміне үйреніп қалған. Бұл Кеңес дәуірінен басталған дүние. Одан кейін биліктегілер әрбір сөзінде «халық үшін» деп айта береді, содан халық «бізге үкімет бәрін даярлап беруі керек екен» деп ойлайды. 2019 жылы несие төлеу мерзімін кешіктіріп жүрген азаматтарға 300 мың теңгеден несие бердік. Бұл дұрыс болмады, оған экономистер мен қаржыгерлер қарсы еді. Мәселен, біреуі несиесін төлеп жүреді, төлемеген екінші адамның несиесі кешірілді. Төлеген адамда «енді несиені төлемесем болады екен» деген ой пайда болды. Екіншіден, 2021 жылы зейнетақы қорынан 3,5 трлн теңге көбірек ақшасы барларға тұрғын үй жағдайын жақсартуға, денсаулығына деп берілді. Бұл дәулетті азаматтарды қолдап, қуаттайтын бір масылдық болды», — деді экономист Сапарбай Жобаев.

Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Билік биылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 57 853 теңгеге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге жеткенін хабарлайды

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close