Жаңалықтар

Әйел адам күйеуімен ренжіскеннен кейін орманға кетіп, адасып кетті

Фото: freepik.com

Қостанай облысында әйел адам күйеуімен ренжісіп қалғаннан кейін орманға кетіп, адасып кетті. Оны іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның егжей-тегжейін өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін түнде Әулиекөл ауданы Бағаналы ауылының маңында құтқарушылар жоғалған әйелді іздеуге кірісті. Күйеуімен болған жанжалдан кейін 1981 жылғы әйел адам орманға кетіп, адасып кетті», – делінген хабарламада.

Жоғалған адамды ТЖД, полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер іздеді. Құтқарушылар іздеу иттерін тартты, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақты пайдаланды.

«Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты», – деп атап өтті ведомство.

Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет емес екендігі атап өтілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close