Жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселенің бірі – отбасыдағы зорлық-зомбылық. Әйелдің құқығын қорғап, оның қоғамдағы рөлі арттыру маңызды. Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек осылай дейді.

Оның айтуынша, бұл тақырып былтыр Түркістанда өткен құрылтайда да көтерілген. Соның нәтижесінде, биыл қаскөйлерге заң күшейіп, нәзік жандардың құқығы қорғалып жатыр.  Айгүл Орынбек, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі: — Зорлық-зомбылық мәселесі бізде. Былтырдан бері  Парлмент мінбесінде де көтерілді, қоғам талқысына да салынды. Бұның барлығында біз заңды шығару арқылы, заңды өзгерту арқылы қазіргі құрылтай аясында көтерілген мәселелерді осы былтыр көтердік Түркістан қаласында. Биыл заңға өзгерістер енді, заң жаңарды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close