Жаңалықтар

«Әйнек түсіп сынған»: Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы мұрнына қатысты мән жайды түсіндірді

Фото: ашық дереккөз

Марқұм Шерзат Болаттың әкесінің фотосын көргендер соңғы кезде оның көзі көгеріп, мұрны қисайып қалғаны туралы көп айта бастады, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Осыған орай Ulysmedia тілшілері Қаржаубай Нұрмановтың қарындасы Перизат Нұрымовадан мән-жайды сұраған еді.

Біріншіден, суретке түскенде дұрыс ракурс ұсталмай қалған, екіншіден, оның мұрны бұрыннан қисық еді. Дегенмен, оқиға болған күні, дүкеннен қашқан кезде бетіне бөтелке тиген. Қазір сіздер бетіндегі ісігі қайтқан түрін көріп жүрсіздер ғой, оның беті бірақ ісіп кеткен суреті бар. Бет-әлпетінде сол жарақаттан қалған көгерген іздері әлі тұр – деді Перизат Нұрымова.

Тілшілердің «бұған дейін ондай белгілер байқалмаған еді» деген күмәніне ол фотоға дұрыс түсірілмегенін айтты.

Өрт болған күндері де сондай болған. Фотоға жоғарыдан түсіргендіктен, байқалмаған болуы мүмкін. Ал мұрыны бұрын, үйде әйнек қойып жатқан кезде, әйнек құлап кеткен. Содан сынған. Одан кейін ешқандай жарақат, ешқандай күш көрсету болған жоқ – деп түсіндірді Қаржаубайдың қарындасы.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close