Жаңалықтар

АҚШ пен Қытай тарапы Швейцарияда кездесуі мүмкін

Екі ел билігі бірнеше айға созылған сауда соғысынан кейін келіссөздер үстеліне отыруға келісті. Еселенген салықтық алымдар қос тарапты да шаш етектен шығынға батырды. Сондықтан, алып державалар екі ел арасындағы сауда дауын талқылау үшін демалыс күндері жолығады, деп жазады qandastar.kz сайты.
Бұл жаһандық экономиканы дүр сілкіндірген сауда соғысын шешудің алғашқы қадамы болуы мүмкін. Дегенмен, көптеген сарапшылар тарифтік даулар әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай нұқсан келтіретінін айтады. Мамандар, шұғыл түрде мәмілеге келу қажеттігін алға тартып отыр.

Сауда соғысы тыйылмаса, Қытай 16 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалтуы мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close