Жаңалықтар

АЛМАТЫ ТАУЛАРЫНДА ЖАСАНДЫ ҚАР КӨШКІНІ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

Алдын алу жұмыстарына «Қазселденқорғау» мамандары мен құтқарушылар және спорттық-сауықтыру кешенінің қызметкерлері тартылды. Теңіз деңгейінен 2600 метрден астам биіктікте орналасқан тау бөктерінде 5 жарылыс болды. Профилактикалық шара барысында 380 текше метр қар тау етегіне түсті. Еліміздің шығысында да көшкін қаупін жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Өскемен-Алтай» бағытындағы беткейден 22 мың текше метр қар түсірілді. Мамандар, тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауылды ескертудің бар-жоғын тексеру қажеттігін ескертеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close