Жаңалықтар
«Ақша таппасаң қасыңды қырып, мүшелеріңді кесіп тастаймыз»: Қызылордада сыныптастары құлдықта ұстаған қыз бар шындықты айтты
Фото: Тенгриньюс
Қызылордада сыныптастары бірнеше ай бойы құлдықта ұстап, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүр еткен 16 жастағы қыз бар шындығын баяндады, – деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздың жазғанын Дина Таңсәрі фейсбук желісіндегі парақшасында жариялады. Онда жасөспірім өзін қорлағандардың майлықты жағып, іш киіміне салып сөндіруді талап еткенін, бассейнге тұншықтырғанын, өлтіреміз деп пышақпен қорқытқанын, тағы басқа неше түрлі сұмдықтарын айтқан. Жәбірленушінің хатын төменде толықтай беріп отырмыз.
«2022 жылы 10-сыныптан бастап мен кластас қыз Н-мен достастым. Ол менің үйіме келіп, бірнеше рет қонған. Менің анамды «мамочка» дейтін. Мен де оның үйінде бірнеше рет түнедім.
2023 жылдың желтоқсанында, Жаңа жылға бір апта қалғанда Н және оның немере әпкесі Ж-мен бірше «Alen» клубында болдық. Ол ішімдік ішіп, бізге де ұсынды. Біз келістік. Біз ішкен кезде ол видео камераға түсіріп алды. 7 қаңтарға дейін ол менен сұрамай телефонымды ломбардқа өткізіп жіберді.
7 қаңтарда «Djoo Bar» пабында телефонда менің жалаңаш суретім бар екенін айтты, бірақ көрсетпеді. Сосын көрсетті. Мен суретті өшірдім, бірақ сурет телефонның мұрағатында сақталған екен. 4 ақпанға бір апта қалғанда Ж менен сұрамай, менің телефоным арқылы мені Kizdar NET сайтына тіркеп, анкета толтырды. Мен ашулана бастадым, Ж мен Н менің жалаңащ суреттерімді ата-анам мен туған-туыстарыма көрсетеміз деді. «Ақша табатын боламыз, бірақ жұмыс істейтін сен боласың!»-деді.
Мен күйіндім, не істерімді білмедім. Олар мені балағаттап, қоқан-лоққы көрсетті. Мен шарасыз күйге түстім. Олардың айтқанына бағындым. Анкета бірден жарияланған жоқ, модерациядан өтіп жатты-ау деймін. Ж мен Н маған клубтан клиент іздеуді талап етті. Мен олардың не талап етіп тұрғанын түсінбедім. Сонда олар: «Ашық билейтін боласың, сонда жігіттер саған жақындайды, сонда пәтерге баруды ұсынасың»,-деді.
Бірінші клиент Е есімді жігіт болды. Мен қатты қорықтым, жақын қатынасқа түскім келмеді. Бірақ ол мені күшпен алды. Бұның бәрі 4 ақпанда болды. Осы кезде анкета модерациядан өтіп, тағы бір «клиент» пайда болды. Мен бұл іспен айналысқым келмеді. Бірақ жақындарыма суретімді көрсетеміз дегеннен бөлек, ұрып-соғамыз деп қорқытты. Ақпан айының соңында әйелдік органдарымда проблема басталды. Медициналық көмекке жүгінгім келді. Бірақ Н мен Ж тыйым салды. Қорқыныш, шарасыздық менің бойымды билеп алды.
Ақпаннан бастап мен Н өзінің анасымен тұратын үйде жиі болдым. Анасы ылғи вахтада болатын. Мен үнемі Н мен Ж-ның бақылауында болдым. Олардың бұйыруымен, ата-анама даяшы болып жұмысқа орналастым деп айтуға мәжбүр болдым. Түнде ұйқым қанбайтындықтан, сабақ үстінде ұйықтап қалатын болдым. Мұғалім ашулана бастағанда Н: «Кеттік!»-дейтін. Біз бірге сабақтан кетіп қалатынбыз. Қорлау, қоқан-лоққы көрсету күнделікті іске айналды.
11 наурызда Д деген клиент мені «Меф» тұтынуға мәжбүрледі. Мен бас тарттым. Ол күштен иіскетті. Одан кейінгі оқиғалар есімде жоқ. 1,5 тәулік ұйықтадым. Бір аптадан кейін ол қайтадан қоңырау соғып, тағы тұтынуды ұсынды. Мен Н-нің пәтеріне кеттім. Онда Н мен Ж менің ескірткіге масайған сәтімді видеоға түсірген. Сол видеоны интернетте таратамыз, жақындарыңа көрсетемін, полицияға үстіңнен арыз жазамыз деп бопсалай бастады.
Наурыз айынан бастап Н мен Ж мені ұра бастады. Пәтерді дұрыс жинамадың, ыдыс-аяқты жумадың деп сыныққа сылтау іздеп, ұра беретін. Себепсіз де ұратын. Компьютердегі ойыннан ұтылып қалса да ұрды. Есінен танғанша қылқындырды. Қызық үшін бассейнге батырды. Әбден шаршағанша отығызып-тұрғызатын. Менің таныстарым мен туыстарыма менің телефонымнан, менің атымнан, менің абыройыма нұқсан келтіретін хабарламалар жіберетін. Мені қолмен ұрып, аяқпен теуіп, басымнан тепкілейтін.
2024 жылдың сәуірінде Д есімді жігіт (25 жаста) менің нөмірімді Г есімді досына берді. Г менің немен айналысып жүргенімді менің ата-анама айтамын деп, мені бопсалай бастады. 30 сәуірде Д-ның өзі «полиция қызметкері екенін, егер мен оның қонақтарына қызмет көрсететін болсам, мені есепке қоймайтынын» айтты. Ол алаяқ болып шықты.
Сәуірде Д есімді жігіт (менің кластасым) менің оқиғамды біліп, «Сен жақсы ақша табасың ғой» деп, менен күнінен 5000 теңге талап ете бастады. Менің телефонымды алып, жазбаларды қарады. Қорыққанымнан бірнеше рет сұрағанын төлеуге мәжбүр болдым.
Мамырда Н мен Ж Шымкентке барып келмек болды. Менен шұғыл 300 мың теңге тауып беруді талап етіп, қорқытты. Мен мұндай соманы жылдам таба алмағандықтан ата-анамнан сұрауды талап етті. «Жұмыста даяшы қыздың телефонын сындырып алдым» деп айт деді. Сол үшін әкемнен ақша сұрадым.
29 мамырда Н-нің туған күні болды. Сол күннен бір апта бұрын олар маған 500 мың теңге табуды бұйырды. Әкем сыйлаған жаңа Apple iPhone 15 Pro Max телефонымды ломбардқа өткізуді ұсынды. Олардан қатты қорыққандықтан 27 мамырда телефонымды ломбардқа 380 мың теңгеге өткізіп, ақшаны бердім.
Маусым айының басында Н-нің анасы вахтадан келетіндіктен, Н мен Ж маған жалдамалы пәтерге ақша табуды бұйырды. Мен ол ақшаны таптым, пәтер жалдадық. Бізге Д (сыныптасым) мен оның туысқаны А қосылды. Олар онда «бізді есепке қойды!» деп мені қорлап, ұрып-соқты.
Зажишалкамен аяғымды күйдірді, майлықты тұтатым, іш киімімнің (труси) ішіне салып, сөндіруді бұйырды. Полиэтилен пакетті тұтатып, жанған пакетті ішіме тамшылатты, күйік іздері денемде қалып қойған. Түнде ғана емес, күндіз де «жұмыс істеуді» талап етті. Бейтаныс қыздарға мені ұрғызды. Ол қыздардың бірі бокспен айналысқан, соққылары қатты болды. Ұйықтатпады, тамақ бермеді. Аштықтан олардан қалған тамақты жедім.
Маусым айында Н мен Ж кезекті рет Шымкентке кеткенде 3 жігіт келді. Бірінші А келіп, тамыздың ортасына дейін 450 мың теңге тауып беруімді талап етті. «Менің ағам ҰҚК қызметкері. Егер ақшаны таппасаң ағам екеуміз саған және сенің отбасыңа проблема тауып береміз» деп, өліммен қорқытты.
Өз өмірім мен денсаулығым, отбасымның өмірі үшін қорыққандықтан мен оған қолымда бар 55 мың теңгені бірден бердім. Бұл ситуация туралы Н мен Ж білді. Сол үшін қатты ашуланып, Тасбөгет көпірінің астында мені қатты соққыға жықты.
Ұрған кезде «анамды улайтындарын, сол үшін әкемді жауапкершілікке тартатынын» немесе «ата-анама видеоларды көрсетіп, жариялап жібермес үшін 1-2 млн теңге талап ететіндерін» айтты. Мен әлгі жігіттерге бірнеше күн бойы төлемедім. Бірақ олар мені тауып, банк картасынан ақша шешіп беруге мәжбүр етті. Н мен Ж бұл туралы да біліп, оларға ақша беруімді тоқтатуды талап етіп, тағы да ұрды.
Біраз уақыт өткеннен кейін сол жігіттердің бірі Д мені көшеде тоқтатып, күштеп А-ның машинасына отырғызды. Туыстарының жекеменшік үйіне келіп, шаруашылық құрылысын көрсетіп, «біз осы жерге сені тамақсыз, телефонсыз қамап тастаймыз» деді. Д қолына сым алып, мені ұруға дайындалды. Мен қорқып, ақшам жоқ екенін, әкем мүгедек екенін айтып, олардың аяушылық сезімін тудыруға тырыстым. Сонда А: «Оны өлтірейік, аяғына ерітінді құйып, Дария өзеніне ағызып жіберейік»-деді. Бірақ Д «ол біздің ауданнан ғой» деп қарсы шықты. Сол кезде мен шынымен де мені өлтіруі мүмкін екенін сездім.
Сосын олар мені машинаға отырғызып алып кетті. Мен өз ажалымды күтіп, саусағымнан акрилді тырнағымды жұлып алып, автокөлік орындығының арасынан жүк салғышқа лақтырдым. Болашақта тым болмаса тырнағым табылсын деген оймен істедім. «Күндізгі төрт пен бестің арасында олар мені 28 үйдің қасынан түсіріп: «Ақша ізде! Ақша таппасаң Д сені күнде ұратын болады»-деді.
Содан кейіе А мен Д мені үнемі ұрып-соқты. А пышақпен қорқытты. Кейін А ол пышақты Н мен Д-ға берді. Олар оны мені ұрған сайын пайдаланып, өлтіреміз деп қорқытып, ақша талап етіп, денемді тілді.
5 тамызда А есімді еркек мені жалдамалы пәтерге шақырып, полицияда істейтінін айтып, мені есепке қоймас үшін бір аптада 700 мың тауып беруді талап етті. Мені балағаттап, қолымда бар қолма-қол ақшаны алып кетті.
Ж мен Н менде қандай да бір ақша болғанын, оның енді жоқ екенін біліп қойып, ашуланып, 1,5 литрлік су толы екі бөтелкені басыма лақтырды. Мен жалтарып үлгердім. Бірақ бөтелкелер мойныма тиіп, із қалып қойды.
Сосын олар пышақтың жүзіне депиляцияға арналған кремді жағып, күштеп, қасыма тигізіп, таңға дейін 250 мың табуды бұйырды. «Егер ақшаны таппасаң, қасыңды, шашыңды қырып, жыныс мүшелеріңді кесіп тастаймыз»-деді. Менің әйелдік органдарым қатты ауырып жүргенін, енді «жұмыс істей алмайтынымды» түсініп, жұмыс істеуге өзім сияқты көнбіс қыздарды табуды талап етті. Таңертең мен шарасыздықтан Б есімді таныс жігітке хабарласып, оқиғамды айтып бердім. Ол әкеме қоңырау соғып, бәріміз кездестік. Бәріміз бірге учаскелік полицияға бардық. Ол орнында болмады. Сосын үйге келдік, мен ұйықтап алып, бәрін анама айтып бердім. Бұл кешкі 20:00 кезі еді. Анам бірден полицияға арыз жазды».