Жаңалықтар

«Бір күн клиникасы»: Алматыда еуропалық алгоритмдер бойынша болашақ аналардың нақты скринингі жалпыға бірдей қолжетімді болды

 

AYALA қайырымдылық қоры мен «Шеврон» компаниясының серіктестігі мемлекеттік медициналық мекемелерде жүктілік патологиясын ерте диагностикалау бойынша жаңа жобаны іске қосты.

Жоба аясында туа біткен және хромосомалық патологиялар бойынша тәуекел тобындағы Алматы қаласының барлық болашақ аналары ұрықтың денсаулығын анықтау бойынша басты тексеруден өте алады. Алматыда тұратын жүкті әйелдерді тексеру бір күн ішінде қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтарда, Fetal Medicine Foundation пренаталдық диагностика жөніндегі жетекші еуропалық ұйымның алгоритмі бойынша бірнеше сағат ішінде жүргізіледі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close