Жаңалықтар

«Ақтау теңіз порты» жұмыс істеу мерзімі ұзарды

Фото: ашық дереккөз

Үкімет «Ақтау теңіз портының» жұмыс істеу мерзімін 27 жылға ұзартты, деп жазады qandastar.kz.

Демек арнайы экономикалық аймақ 2052 жылға дейін жұмыс істейді. Сол аралықта аймаққа 590 млрд теңге инвестиция тартылуы тиіс. Оның 275 млрд теңгесі шетелден, 315 млрд теңгесі іштен болуы керек.

Тауар өндіру көлемі 640 млрд теңгеге артуы тиіс. Қазір 450 млрд теңгеге тең.

Сонымен қатар, көрсетілген мерзімде кәсіпорындар саны 50-ден 80-ге дейін, ал жұмысшылар саны 2300-ден 4300 адамға дейін артуы қажет. Қазақстандықтарды қамту үлесі 50%-дан 78%-ға дейін көбейту жоспарлануда.

Бұған дейін вице-премьер, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров арнайы экономикалық аймақтарға көп қаржы құйған инвесторлар жер сатып алу құқығына ие болатынын айтқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close