Жаңалықтар
Ақтөбе футбол клубына тексеру жүруде

Фото: Pixabay / phillipkofler
Облыс прокуратурасы Ақтөбе футбол клубының қызметіне тексеріс жүргізіп, 250 млн теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды qandastar.kz
Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәмілелер жасалған. Сондай-ақ клуб қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.