Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Ақтөбе облысындағы су басқан аудандарда мал азығы тапшы,

Жайылымды су басып қалды. Аудан тұрғындарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен көмек көрсетіліп жатыр. Кәсіпкерлер демеушілік жасап, азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізіп жатыр.

Су тасқыны басталғалы аудандарға 40 жүк көлігі гуманитарлық көмек апарған. Одан бөлек, қала мектептеріндегі эвакуациялық пункттерге күнделікті ыстық тамақ жеткізіледі. 150 отбасына азық-түлік таратылды. Сондай-ақ үйі суға кетіп, қиын жағдайда қалған 4 отбасына Қадір түні баспана берілді. Серікжан Еншібайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша бас имамы: — Қобда ауданында жемге қажеттілік туындады. Жайылымның бәрін су басып кетті дегеннен кейін 17 тонна жем жөнелтілді.

Су басқан үйлерді қайтадан қалпына келтіріп, кептіру үшін арнайы құрылғылар, соларды бөліп беріп жатырмыз. Ойыл ауданына екі моторлы қайық алуға жәрдем бердік. Қазіргі таңда басқа да үйдің қажетті техникаларын алып беруге қаржылай көмек жиналып жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close