Жаңалықтар

Ақтөбеге қонған ұшақта келіншек қаза тапты

Бүгін сағат 12:40-та Ақтөбе халықаралық әуежайына Nordwind Airlines ресейлік әуе компаниясының Екатеринбург – Сочи бағыты бойынша ұшып келе жатқан Boeing-777 ұшағы шұғыл қонды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.

Ұшақтың жоспардан тыс қонуына борттағы жолаушылардың бірінің өзін кенет нашар сезінуі себеп болған.

«Ұшақ қонғаннан кейін әуе кемесіне шұғыл әрекет ету қызметтері мен медициналық бригада дереу жіберілді. Өкінішке орай, қабылданған барлық шараларға қарамастан, жолаушыны құтқарып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған әйел жолаушы Ақтөбеге қонғанға дейін көз жұмды», – деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.

Ақтөбе халықаралық әуежайы марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

«Біз әуе кемесі экипажының кәсіби әрекеттері мен жердегі қызметтермен өзара іс-қимылын жоғары бағалаймыз. Аталған оқиға бойынша құзыретті органдармен белгіленген тәртіпте жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп қосты әуежайдың баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close