Жаңалықтар

Алматыда автотұрақта тұрған көліктен 17 мың доллар ұрланған

 

Қаскөйлер Lexus автокөлігінің иесінің жоқтығын пайдаланып, есік құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен.

«Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close