Жаңалықтар

АЛМАТЫЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке келген республикалық жедел құтқару жасағы өз жұмысын аяқтады, Құтқарушылар Ойыл ауданының Қаратал ауылында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысты. Жүздеген адамды мектеп ғимаратына эвакуацияласа, 120 тұрғынды ауыл шетіне қонған тікұшаққа жеткізуге көмектесті. Қажетті құрал-сайманымен келген 20 құтқарушыға облыс басшылығы атқарған қызметі үшін алғысын жеткізді. Бұл жасақ енді көршілес Батыс Қазақстан өңіріндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін маңғыстаулық құтқарушылар да Ақтөбе облысына көмекке келген еді. Әділхан Балтабай, Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы: — Қаратал ауылында біздің жасақпен 126 адам шығарылды. Соның 36-сы балалар болды. Оларды моторлы қайықпен қауіпсіз аймаққа әкеп тікұшақтарға отырғызды. Ойыл ауылына жеткізілді. Жұмыстың барысында қиындау болғаны, ағысы қатты судың келіп жатқаны. Бірақ оған қарамастан қойылған жұмыс атқарылды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close