Жаңалықтар
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама неліктен жіберілген жоқ?
Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабарлама келу үшін жер сілкінісі 5,5 балдан жоғары болуы керек.
«Хабардар ету жүйелері (mass alert) сілкініс қарқыны 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды», – делінген хабарламада.