Жаңалықтар

Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді

Фото: Скифньюс кз

Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович  Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлыны мазақ етіп видер түсірген. Онысын тіпті,  Instagram-дағы парақшасына жариялады. Видеода Михайлович асфальтқа «Janibek» деп жазып, жазудың жанында билеген. Артынша жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашқан.

Видеоның соңында «Бұл контентті түсірген кезде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу көрінеді.

Еске салсақ, 14 шілдеде Андрей Михайлович пен Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жұдырықтасуы керек болған. Бірақ қазақстанды спортшы салмақ қуу кезінде ағзасына су жетіспеуіне байланысты есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан жекпе-жек өтпей қалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close