Жаңалықтар
Астанада апалы-сіңлілі қыздарға жыныстық емеурін көрсеткен еркектің бір күні бұрын тағы екі қызға тиіскені белгілі болды

Фото: freepik
Астанада 12 және 2 жастағы апалы-сіңлілі қыздарға шабуыл жасаған ер адамның бір күн бұрын 6 жастағы 2 қызға тиіскені белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл маңызды ақпаратты «Не Молчи KZ» қоры мәлімдеп, полицияның жауапсыздығына шағымданды. Күдікті 2 қызға мысық көрсететінін айтып, балалар алаңынан алып кеткен екен.
«Ер адамды кеше кешке босатты. Ал ол ертесі күні қайта басқа балаларға шабуыл жасады. Полиция оны тағы да босатып жіберді», — деп жазды қор.
Айта кетейік, апалы-сіңлі екі қыз дүкеннен келе жатқанда мас ер адамға кездейсоқ жолығып қалған. Ол үлкен қыздың мойнынан сүйіп, омырауынан ұстаған. Кішісін де сүйген. Үлкен қыз қарсылық білдірген кезде оны жерге итеріп жіберген. Апалы-сіңлі қашып құтылған. Ал күдіктіні көршілер полиция келгенше ұстап отырған.
Еске салайық, қазақтарды «мамбет» деген Алика Мухамадиева 2 айға қамалды.