Жаңалықтар
Астанада белгісіз біреулер судьяны ұрлап әкеткен
Фото: Midjourney
Полицейлер Астанада судьяның ұрлануы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады.
«Астана Полиция департаменті Астана тұрғынын бопсалау және ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Соталды тергеп-тексеру мүддесінде қалған ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция Tengrinews.kzтілшісіне.
Судьяны ұрлау туралы ақпарат Kozachkoff offside Telegram-арнасында пайда болды. Ондағы дерек бойынша, бетперде киген және қаруы бар қаскүнем автотұрақта судьяға барып, оны көлікке күштеп отырғызып, адам жоқ жерге алып кеткен. Судья өз атына несие рәсімдеп, алған 300 мың теңгесін бергені атап өтілген. Сондай-ақ, ұрлықшы сот актісін жою үшін 12 миллион теңге талап етіп, судьяны күшпен қорқытып, содан кейін хабарсыз кеткен.