Жаңалықтар

АСТАНАДА ҚАЗАҚЫ НАҚЫШТАҒЫ КИІМНІҢ СӘН ШЕРУІ ӨТТІ

 

Қазақы нақыштағы киім түрлерін халықаралық аренаға шығаруды мақсат еткен шығармашылық топ алғашқы сән шеруін елордадан бастады. Игі бастамаға шапан мен кимешекті үстінен тастамайтын әжелер мұрындық болды. Көне көз қариялар ұлттың бітім-болмысын сыртқы киім арқылы әлемге танытпақ.

Ұлттық құндылықты насихаттау жұмысы Алматыда жалғасады. Әжелер мұнымен шектелмей әлемді аралауды жоспарлап отыр. Баян Сәбитқызы, қала тұрғыны: — Біз Қазақстанның он жеті облысын аралаймыз алла жазса. Содан соң Франция, Италия мемлекеттерін аралаймыз деген ойымыз бар. Раушан Әнуарбекова, дизайнер: — Негізі қазақ әжелер шеруі.

Біздің тобымызда әртүрлі ұлттар болғандықтан әлемді таң қалдырған әжелер деп атадық. Себебі біздің басқа да мемлекеттерде әжелеріміз бар. Қазақ әжелеріміз бар. Нью-Йоркта бар, Швецарияда бар, Миланда бар, әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Бүгінгі таңда ресейден әжеміз келді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close