Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев

«Отандастар қоры» КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіп жатыр.

Осы жиын барысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шеттен келетін қандастарымызға қатысты біраз мәселенің басын ашып берді.
«Шетелден көшіп келетін қандастарымыз үшін квота көлемі азаймайды. Бұған дейін қанша квота беріліп келсе, сол деңгей сақталады,» – деді ол. Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев шетелдегі қандастардың балаларына берілетін гранттар саны артқанын, олардың оқуы үшін Қазақстан барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты.

Ержан ЖАУБАЙ
Фото: автордан
Дереккөз: BAQ. KZ

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close