Жаңалықтар

Түркіменстан қазақтары тарихи отанына оралды

13 мамыр күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына 256 қазақ көшіп келді. Арнайы 8 вагоннан тұратын пойыздағы жақындарын туыстары мен жақындары әнмен қарсы алды. Араға ұзақ жылдар салып бір-бірімен қауышқан жандар көздеріне жас алды.

Зейнеш, Түркіменстаннан көшіп келген қазақ:

– Қуаныштымын. Өте күшті сезімдеміз. Ағайын-жекжатқа, отанымызға оралып жатқанымызға қуаныштымыз.

Қаршыға, Түркіменстаннан көшіп келген қазақ:

– Қуаныштан толқып тұрмын. Өйткені көшіп келдім, соған бақыттымын. Бұл күнді ұзақ күттім, бір жыл екі ай.

Мал-мүлкін сатып, көшуге дайын отырған кезде пандемия басталып, шекара жабылып қалуына байланысты қандастарымыз отанына орала алмай қалған. Бір жылдан соң қандастарға отанына, еліне оралу бақыты бұйырды.

Ақпанда бір топ қазақ көрші елден көшіп келген еді. Бұл – екінші рейс. Олардың айтуынша Түркіменстанда әлі де елге оралғысы келетін жүздеген қазақ бар.

Ажаргүл Баймұратова, Түркіменстаннан көшіп келген қазақ:

– Түркіменстанда қалған әлі қанша туысымыз бар. Олар бізбен келмеген соң, жылағымыз келді. Зорға келдік. Олар енді келесі рейспен келеді.

Дереккөз: Azattyq инстаграм парқшасы

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close