Әлем жаңалықтары
AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандардың несиесі өтелді
Фото: ашық дереккөз
Баку-Грозный рейсін орындаған Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері толығымен өтелді. Бұл туралы Әзірбайжан банктер қауымдастығы мен Әзірбайжан микроқаржы қауымдастығының бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды qandastar.kz Haqqin басылымына сілтеме жасап.
«2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырап, экипаж мен жолаушылардың қаза болғаны бүкіл Әзірбайжан халқын да, банк қауымдастығын да қатты күйзелтті.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты және Әзірбайжан Орталық банкінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ Әзірбайжан банктер қауымдастығының (ӘБҚ) және Әзірбайжан микроқаржы қауымдастығының (ӘМҚ) бастамасы бойынша қаза болған Әзірбайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері банктер мен банктік емес несиелік ұйымдарда тиісті ұйымдардың жеке қаражаты есебінен толық есептен шығарылды.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Әзербайжан халқымен және ел басшылығымен барлық қиын кезеңдерде бірге болған Әзірбайжан Республикасында жұмыс істейтін банктер мен банктік емес несие ұйымдарының атынан ӘБҚ және ӘМҚ қаза болғандардың отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтады. Ал зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген бірлескен хабарламада.