Жаңалықтар

БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайынмын – Нұрлыбек Нәлібаев

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің Facebook парақшасына БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайын екенін жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бүгін Парламент Мәжілісіндегі тыңдауға қатыстым.

Жиын аяқталардан 15-20 минут бұрын сұранып, келесі іскерлік кездесуіме асығыс шығып кеттім. Маған бетпе-бет ешқандай журналист тікелей қаратып сұрақ қойған жоқ. Алайда, баспалдақта менен өзге де адамдар болғандықтан,артымнан атымды немесе қызметімді атап қойылған сауалды естімегеннен кейін, кешігіп бара жатқан кездесуіме жылдам жүре бердім.

Соңғы уақытта бірқатар әлеуметтік желілерде менің ескі 2016 жылғы суретімде көрсетілген сағатқа қатысты журналистер тарапынан қызығушылық туындаған секілді.

Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Менің мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын және әрдайым БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайынмын”,- деді ол.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close