Жаңалықтар
«Баян не сыйлау керегін біледі»: Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне ерекше сый тарту етті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 56 жасқа толды.
“Бізде бүгін туған күн. Жолдасымның туған күні. Анам мен қызым туған күн иесіне сыйлықтарын берді. Қазір Тұрсен торт үріп, тілегін айтады. Менің сыйлығым да ерекше. Өзі жақсы көретін құлаққап сыйладым. Туған күнің құтты болсын, жаным”, – деп жазды Баян.
Желі қолданушылары туған күн иесін құттықтап, сыйлықты қызу талқылап жатыр.
“Баян күйеуіне не сыйлау керегін біледі”, “Құны 500 мың теңгелік құлаққап алу, сән бе?!”, “Айару тортты жасамай, сатып алған ба?!”, «Бәрі бір біріне жат, барлығы жасанды», «Тұрсын туған әкесі емес», «Бос дүние ғой! Әке болып қызының қолынан торт жемесе», – деді олар.