Жаңалықтар

Мұнай қалдығы емес»: Ақтауда теңіз бетіндегі даққа қатысты болжам айтылды

 

Ақтауда теңіз жағалауындағы су бетінде байқалған даққа қатысты Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары болжамын жариялады.

Бірнеше күн бұрын Ақтауда теңіз жағалауы аумағынан 14 шақырым жерде, екіншісі Қызылқұм жағалауынан 48 шақырым жерде дақ белгілері байқалғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Департамент мамандары теңізде бірнеше күдікті дақ пайда болғаны туралы хабарлама түскен соң дереу жұмысқа кіріскенін айтты.

«Аталған оқиға бойынша еліміздің ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы департаменті көмегімен Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары шолу және судан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Көрсетілген орыннан радиусы 5-6 шақырым аумақты қосымша шолу жұмыстары жалғасып, ешқандай күндікті дақ табылмады. Сынама нәтижесіне сәйкес теңіздің фондық жағдайынан асып кету тіркелген жоқ. Бұл Ақтау портына келіп-кетуші «Қарағанды» және «Elegance» кемелерінен қалған төгінді болуы мүмкін. Ол шикі немесе ауыр мұнай өнімдерінің қалдығы емес», — деді экология департаментінің өкілдері.
Мамандардың сөзінше, теңіз суынан алынған сынама қорытындысы бойынша зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркілмеген. Осыған дейін Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауы аумағындағы су бетінен қара дақтар байқалғаны туралы ақпарат тарап, тиісті тексеру жұмыстары басталатыны айтылған болатын.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close