Жаңалықтар
Bereke Ваnк-ті Қатар инвесторлары сатып алмақшы
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
«Иә, қазіргі уақытта банк акционері «Бәйтерек» холдингі мен қатарлық тараптың арасында келіссөз жалғасып жатыр. Әзірше қандай уағдаластыққа келгені, шарттары қандай болатынына қатысты мәлімет жоқ. Меніңше, қазіргі уақытта келіссөз жалғасу үстінде», — деді ол өз сөзінде.