Жаңалықтар

БИОЛОГ-ҒАЛЫМ ТҮЙЕ СҮТІНЕН ЖАСАЛҒАН ШИПАЛЫ СУСЫНДЫ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗДІ

Атыраулық биолог-ғалым София Сағындықова түйе сүтіне қызылша шырынын қосып, шипалы сусынды өндіріске енгізді. Жаңа өнім – адам ағзасына пайдалы, дәрумені мол, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындар үшін таптырмас ем, – дейді ғалым.

София Зұлқарнайқызы шипалы сусынды зерттеуге 20 жыл арнады. Жаңа өніміне қажетті шикізатты табу үшін Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірінде өндірілетін шұбат құрамын зерттеген. Ондағы сүт қышқылы бактерияларын зерттеп, талай сынама да алған. Ізденуден шаршамаған ғалым қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр.

София Сағындықова, биолог: — Қазір көптеген аналарда сүт жетіспейді. Оған дабұл жақсы, қажетті өнім. Бала өскеннен кейін де беруге болады балаларға. Қазір көптеген адамдардың иммунитеті төмен. Иммуномодулятор ретінде қолдануға болады бұл сусынды. Дұрыс тамақтануды дұрыс деп есептеймін. Антибиотик қабылдаған уақытта одан кейін міндетті түрде пробиотик ішу керек. Пробиотик ретінде біздің сусында қолдануға болады. София Сағындықова жаңа өніміне «СофМайя» деп ат қойған. Бұл өзінің есімі мен ұстазы, белгілі биолог Майя Шығаеваның құрметіне қойылған. Қазір жаңа өнім Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» арқылы «ғылыми зерттеу нәтижесін қаржыландыру жобасы» аясында грантқа ие болған.

Енді Маңғыстау облысындағы сүт зауытынан шипалы сусынды шығару жоспарланып отыр. Сәуле Думанқызы, сүт зауытының технологы: — Қазір жаңа өнімнің жобасы әзірленіп жатыр. Ол – түйе сүтінен дайындалатын «СофМайя» сусыны. Адамның денсаулығына өте пайдалы. Біз сусынды әзірлеп, жуырда шығарамыз. Биолог-ғалым бұл шырынның қатерлі ісік ауруларына қарсы тұру қабілетіне қатысты зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтады. Әрине, бұл өнім аты жаман ауруды емдейді деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Дегенмен аурудан қорғау мен ағзадағы улы заттардан арылуға көмегі мол, – дейді ғылыми жобаның авторы.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close