Жаңалықтар
Биыл тауарлы сүт фермасы құрылысына 100 млрд теңге бөлінеді
АШМ басшысының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы негізінен дәнді дақылдардың төрттен бірі және майлы дақылдардың үштен бірі өсірілетін, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндірілетін аграрлық өңір екенін атап өтті. 2023 жылы өңірдің АӨК саласына 192 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл республикадағы жалпы көлемнің 17% құрайды.
Аймақтың маңызды жобаларының бірі – өткен жылы сәтті басталған инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тәжірибесін қайталау. Осы тетіктің арқасында Солтүстік Қазақстан облысында 2 жыл ішінде 21 тауарлы сүт фермасы салынып, 2023 жылы шикі сиыр сүтін тауарлы өндіру көлемі 574,1 мың тоннаны құрады. 2023 жылы республика бойынша 65 ТСФ құрылысына 100 млрд теңге, ал 2024 жылы дәл осындай қаражат бөлінді. Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы министрлігі инвесторлар үшін барлық жағдайды жасап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, вице-министр жалпы Қазақстанның қандай инвестициялық артықшылықтарға ие екенін түсіндірді. Атап айтқанда, республика астық державасы ретінде жыл сайын 40-тан астам елдің нарығына 8 млн тоннаға жуық астық жеткізеді. Соңғы жылдары ел ұн экспорты бойынша жыл сайын 2,5 млн тоннаға дейін өнім экспорттай отырып, әлемде көшбасшы орында тұр. Ең маңыздысы жердің жартысынан астамын, яғни, 220 млн гектарды ауыл шаруашылығы алқаптары құрайды.
Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде инвестициялар тарту үшін жүйелі шаралар ретінде бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ АӨК басым бағыттары бойынша шығындарды 25% -дан 50% -ға дейін инвестициялық субсидиялау көзделген. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 124,4 млрд теңге (СҚО – 18,7 млрд теңге) қарастырылған.
Сондай-ақ инвестиция тартудың жүйелі шаралары ретінде заңнамалық деңгейде бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша шығындарды 25%-дан 50%-ға дейін инвестициялық субсидиялау қарастырылған. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 124,4 млрд.теңге қарастырылған (СҚО – 18,7 млрд.теңге).