Жаңалықтар

БҚО-да кен орнының маңында орналасқан ауыл тұрғындары басқа аймаққа көшірілмек

Фото: Мой город

Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское кен орнының маңындағы ауылдың тұрғындары басқа аумаққа қоныстандырылады, деп жазды

Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бәйтерек ауданындағы Петрово ауылы мұнай мен газ өндірілетін Рожковское кен орнына жақын орналасқан. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, кен орны қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов ауылдың кен орнының санитарлық аймағына кірмейтінін, алайда тұрғындардың өз өтініштері бойынша көшіру туралы шешім қабылданғанын мәлімделі.

“Ақша тапқан соң ғана қоныстандыру басталады. Петровода 16 отбасы тұрады. Олардың бірі көпбалалы отбасы. Оларды көшіру үшін Январцево ауылына үй салу керек. Қазір құрылыс неден басталады деген мәселе шешіліп жатыр. Бұл үшін 300-350 миллион теңге қажет. Қоныс аудару туралы ұсынысты ауыл тұрғындарының өздері жасады. Қазір ауылда бастауыш мектеп бар”, – деді Марат Тоғжанов.

Аудан әкімі облыс әкімдігінен қаржы сұрайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінентеріскейге қоныс аударған отандастар кері қайтыпжатқаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close