Жаңалықтар
Еліміздің екі өңірінде жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз
15 ақпанда Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды qandastar.kz
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:48-де болған.
«Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан», делінген хабарламада.
Тіркелген есепті жиілік (балл) :
- Катон — Балқарағай ауылы — 3 балл;
- Марқакөл ауылы — 3 балл;
- Үлкен-Нарын ауылы — 3 балл;
- Алтай қаласы (Зырян) — 3 балл;
- Боран ауылы — 3 балл;
- Риддер қаласы (Ленинград) — 2 балл;
- Зайсан- 3 балл;
- Күршім — 3 балл;
- Самар ауылы — 3 балл;
- Көкпекті — 2 балл;
- Ақсуат — 2 балл;
- Қалбатау — 2 балл;
- Бородулиха — 2 балл;
- Семей — 2 балл;
- Жоламан — 2 балл;
- Мақаншы — 2 балл;
- Үржар — 2 балл; Аягөз қаласы — 2 балл;
- Бесқарағай — 2 балл;
- Қарауыл — 2 балл.