Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің 9-ракеткасы Мирра Андреевамен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Матч екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 19 минутқа жалғасты.
Финалда Рыбакина чехиялық теннисші Каролина Муховамен күш сынасады. Қарсыласы қазіргі рейтингте 12-орында тұр. Шешуші ойын 19 сәуір күні Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді.
Айта кетейік, Рыбакина турнир барысында бірнеше мықты қарсыласты жеңді. Ол 1/8 финалда Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда Лейла Фернандесті тартысты үш сетте 6:7, 6:4, 7:6 нәтижесімен жеңді.



