Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада бірнеше көше қиылысы уақытша жабылады

Астанада 19–21 сәуір аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылы бойындағы үш ірі қиылыста қозғалыс ішінара шектеледі. Қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Астанада бірқатар жол қиылыстарында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап.

Қаладағы Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі, Кенесары көшесі және Абай даңғылы қиылыстарында орташа жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 19–21 сәуір аралығында аталған учаскелерде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тұрғындар мен қала қонақтарына алдын ала маршруттарын жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруді ұсынды.

Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау мақсатында жолдарға уақытша белгілер мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бұл өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрады.

Back to top button