Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтаулық экоерікті Каспий теңізін қоқыстан тазартып жүр

Ақтаулық Қанат Әбдиев Каспий теңізіне тұрақты түрде шомылып, су түбіндегі қоқысты жинау арқылы экологияны қорғауға үлес қосып келеді. Ол теңіздегі пластик пен тұрмыстық қалдықтардың тіршілікке зиян екенін айтып, халықты тазалық сақтауға шақырады.

Ақтаулық Қанат Әбдиев – Каспий теңізіне қысы-жазы түсіп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген белсенді азамат ретінде танымал. Ол суға шомылған сайын теңіз түбіндегі қоқысты жинап, экологияға өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды Qandastar.kzХабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Соңғы күндері ауа райы құбылмалы болса да, бұл Қанат үшін кедергі емес. Ол теңізге түсер алдында міндетті түрде дене қыздыру жаттығуларын жасап, арнайы костюммен суға сүңгиді. Жағалауды бойлай жүзіп жүріп, су астындағы қоқысты жинап, әр әрекетін видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктейді.

Экобелсендінің айтуынша, Каспийдегі қоқыс кейін теңіз тіршілігіне тікелей қауіп төндіреді. Пластик қалдықтар ыдырап, балықтар мен басқа да тіршілік иелеріне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан ол халықты тазалық сақтауға шақырады.

Қанат тек қала жағажайында ғана емес, Саура мен Голубая бухта сияқты демалыс орындарында да тазалық жұмыстарын жүргізеді. Кей кездері жүздеген метр қашықтықты жүзіп өтіп, бірнеше қап қоқыс жинаған жағдайлары да болған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button