ЖаңалықтарМәдениет

Боксшыларымыз бен балуандарымыз жерге қаратып болды – Жүрсін Ерман

Фото: ашық дереккөз

Ақын, тележүргізуші Жүрсін Ерман даярлығына миллиондаған қаржы бөлініп, бірақ небәрі бір алтын медальмен оралған спортшылар жайлы ойын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал ақын EL ARNA телеарнасына берген сұхбатында Париж олимпиадасын басынан аяғына дейін қарап, көңілі құлазығанын жеткізді.

«Басынан бастап жабылу салтанатына дейін көрдім. Қазақстанның спортшыларына соңғы жағында бірдеңе жетіспей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде жетпей қалады. Жігерімізді әбден құм қылып бітті. Не дейміз, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма – білмеймін. Әйтпесе Лондон олимпиадасында жеті алтын алып едік, оның да дәурені өтіп кетіпті. Боксшыларымыз да, балуандарымыз да әбден жерге қаратып болды. Афина олимпиадасында да бітті-ау дегенде, Бахтияр Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі тіптен түсіп кетуші еді. Біздің спорт комментаторлары қызық, «ананы аламыз, мынаны аламыз» деп желіктіріп қояды. Бірақ соңында ештеңе бұйырмай қалады», – деді Жүрсін Ерман.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close