Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасына өзгеріс енді

Фото:Владислав Воднев

«Болашақ» бағдарламасы қоғамның сұранысы мен Мемлекет басшысының ұсыныстарына қарай үнемі жаңарып отырады, деп хабарлады qandastar.kz

«Болашақ» тағылымдамасына жас шектеулері енгізілді. Бағдарлама шартындағы жаңашылдықтар туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов айтып берді.

Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген эксклюзивті сұқбатында Әділ Құсманов Ұлттық құрылтай отырысында президент сынға алған 78 жастағы ғылыми тағылымдама қатысушысы жөнінде түсініктеме берді.

«Ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында расымен осындай оқиға болды. Бұған дейін біз үміткерлерге жас бойынша шектеу қоймадық. Зейнет жасына жеткендер де өтініш бере алатын. Президент сынынан кейін біз министр бұйрығына өзгеріс енгіздік. Енді ғылыми тағылымдама үшін ер адамдарға – 59 жас, әйелдерге – 57 жас межесінде шектеу қойылды. Бұл бұйрық бекітіліп, күшіне енді», – дейді Әділ Құсманов.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында президент елімізде ғалымдарды шетелде тағылымдамадан өткізу тәжірибесі енгізілгенін, алайда ғылымға мүлде қатысы жоқ ғалымдар шетел асқанын айтып, сынға алған болатын.

«Мен 78 жасында «Болашақ» бағдарламасымен оқуға барған кісіні білемін. 78 жаста қайдағы «Болашақ»? Көп істің соңы осындай түсініксіз жағдайларға ұласып кетеді», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close