Жаңалықтар
ЕЛІМІЗДЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕТІНДЕР КӨБЕЮІ МҮМКІН
Биыл банкроттық бойынша өтініш беретіндер саны артуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде сайт арқылы күніне 130-ға дейін өтініш түседі. Оның әрбіріне арнайы мониторинг жасалады. Тиісті талаптарға сәйкес болса, онда өтніштер автоматты түрде банкроттыққа өтеді. Қазір 9841 адам банкрот деп танылған.
Олардың қарызы 20 млрд теңгеге жуықтады. Ал жалпы бұған дейін банкроттыққа 86 мың адам өтініш берген. Сонымен қатар, ведмство банроттық талаптарына жеңілдік беретін ұсыныстарды енгізген. Айта кетейік, банкроттыққа өтінім қабылдау былтыр 3 наурыздан басталған. Қайрат Миятов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары: – Адамдардың көбі банктерден 5-6 несие алғанымен, қарыздарының жалпы сомасын есептемейді.
Биылдан бастап өтініштер саны артуы мүмкін, себебі АЕК сомасы өсті. Сонымен қатар, банроттық талаптарына жеңілдік беретін ұсыныстарды енгіздік. Егер осы ұсыныстарға қолдау жасалса, банкроттық рәсіміне қатысатын адамдар саны да артады. Бірақ айтарлықтай көп болады деп ойламаймын. Сұлтанбек Мәкежанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: – Талдаудың нәтижелері көрсеткендей азаматтарға банкроттық немесе төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімдерін пайдалануға кедергі жасайтын бірқатар проблема мен заңнамалық кемшіліктер анықталды. Біріншіден, кредиторлар мен коллекторлар кредиттік бюроға борышкерлер туралы қисынсыз деректер ұсынған.
Екіншіден, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қалыптастырған кредиторлар тізімінде кейбір қаржы ұйымдары қамтылмаған.