Жаңалықтар

Бөтелкенің сынығын басына сұққан: Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жедел жәрдем шақырған әйел өзіне көмек керек екенін хабарлаған. 103 қызметкеріне хабарласқан әйел досының бөтелкенің сынығымен шабуылдап, басынан жарақат алғанын айтқан, деп хабарлайды Qandastar.kz .

Алайда шақыртумен келген медицина қызметкерлері өздері де шабуылға ұшыраймыз деп күтпесе керек. Әлгі «дос» алдымен келген жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, одан кейін фельдшерге және полиция қызметкерлеріне шабуылдаған.

– «Мемлекеттік қызметкерді қорқыту немесе зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол мас күйінде полицияға қарсылық көрсеткені үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close