Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрлігі қант қосылған сусындар үшін қосымша акциз енгізуді ұсынып отыр

⠀
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл елде семіздік және қант диабетімен ауыратындар санының артуымен байланысты. Әсіресе, семіздікке шалдыққан балалар көбейіп барады.
⠀
Айтуынша, тәтті сусындарға акциз енгізуді денсаулық сақтау министрлігі ойлап тапқан жоқ. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы. Мұндай акциз көптеген елде бар.
⠀