Жаңалықтар
ДСМ деректер базасына заңсыз кірген екі қазақстандыққа 1,1 миллион теңге айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені үшін Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында ҰҚК Telegram арнасынан белгілі болды.
«Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды», – деп жазылған ресми ақпаратта.
Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықтады.
Zakon.kz жазғандай, 2025 жылдың 6 ақпанында Талдықорған қалалық соты тұтқынға қосымша үкім шығарғаны хабарланды. Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін ер адамға жаңа жаза кесілді.