Жаңалықтар

ДСМ маңызды мәлімдеме жасады

фото: Getty images

Денсаулық сақтау министрлігі стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу түріндегі Зейнетақы жинақтарын заңсыз шығарудың көптеген фактілеріне байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «Емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Жобада протездеу және тістерді имплантаттау сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді. Шешім медициналық құжаттарды фальсификациялау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың көптеген жағдайларына байланысты», — делінген құжат жобасында.

Бұл шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және қаражатты мақсатсыз пайдалану деректерінің көбеюіне байланысты қабылданып отыр. Министрліктің мәліметінше, азаматтардың қаражаты алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына заңсыз шығарылған. Осыған байланысты биылғы 15 қыркүйектен бастап Отбасы банкі стоматологиялық қызметтерді қаржыландыруға өтінім қабылдауды тоқтатты.

Банк дерегінше, 2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін «enpf-otbasy.kz» платформасы арқылы тек стоматологиялық қызметтерге 795 мыңнан астам транзакция жүргізіліп, жалпы сомасы 757 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде 222 млрд теңгеден астам қаражат еліміздің ірі қалаларындағы ТОП-20 стоматологиялық клиникаға бағытталған.

Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – қаржының ашық әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close