Жаңалықтар
Экс-вице-министрдің тәркіленген көлігі аукционда сатылды
Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті экс Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың Bentley Bentayga V8 көлігін сатуға шығарған. Тоқтабаев билікті асыра пайдаланды деп сотталған болатын, деп жазады qandastar.kz
Бұған дейін экс вице-министрдің 2021 Mercedes-Benz Maybach S 580 4 Matic қауіпсіздік күштеріне берілген. Мамандар көліктің құнын 79 839 000 теңгеге бағалаған. Жарнамада оның жағдайы туралы ақпарат аз: «көліктің жағдайы қанағаттанарлық, титан доңғалақтары, аккумулятор, қозғалтқыш бар, қосалқы доңғалақ, автокөлік радиосы мен доңғалақ кілті жоқ, домкрат пен шиналар бар, бамперлер бүтін, кілті бар».
Bentley Bentayga V8 элиталық көлігін де бастапқыда күш құрылымдарының балансына беру жоспарланған. Алайда ол сатылымнан бір-ақ шықты.
Нәтижесінде Тоқтабаевтың бұрынғы тұлпары 54 млн 711 мың теңгеге аукционда өтті. Сатып алушы жеке тұлға екені белгілі.